2018 жылғы 30 наурызда Алматы облыстық мәслихатының VI шақырылымының кезекті ХХІХ сессиясы өтті.

Сессияда келесі мәселелер қаралды:

  1. Алматы облыстық мәслихатымен 2017 жылы атқарылған қызметтің қорытындылары және 2018 жылы атқарылатын жұмыстың негізгі бағыттары туралы.
  2. Алматы облыстық ІІД Жергілікті полиция қызметімен 2017 жылы атқарылған қызмет туралы есеп.
  3. Алматы облысының мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман пайдалану төлемақысының мөлшерлемелерін бекіту туралы.
  4. Алматы облысының кейбір білім беру мекемелеріне атау беру туралы ұсынысты Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы Республикалық ономастика комиссиясының қарауына енгізу туралы.
  5. Кезекті сессияның төрағасын сайлау туралы.