2018 жылғы 23 мамырда Алматы облыстық мәслихатының бюджет, тарифтік саясат және заңдылықтың сақталуын қамтамасыз ету мәселелері бойынша тұрақты комиссиясының төрағасы Қ.Нүсіповтың төрағалығымен облыстық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өткізілді

Күн тәртібіне сәйкес отырыс барысында, келесі мәселелер қаралды:

1 мәселе.

“Алматы облысының 2017 жылға арналған бюджетінің атқарылуы туралы” Алматы облысы әкімдігінің жылдық есебі тыңдалды.

Есепті тыңдау барысында,  Алматы облыстық қаржы басқармасының басшысы Б.Сатпаев және Алматы облысы бойынша текеру комиссиясының төрағасы Н.Акежанов баяндама жасады.

Мәселені қарау нәтижесінде “Алматы облысының 2017 жылға арналған бюджетінің атқарылуы туралы” Алматы облысы әкімдігінің жылдық есебі мақұлданып, облыстық мәслихаттың сессиясының бекітілуіне ұсынылсын деген шешім қабылданды.

2 мәселе.

Алматы облыстық мәслихатының “Алматы облысы бойынша қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштерін бекіту туралы” шешімінің жобасы қаралды.        

Осы мәселені қарау барысында Алматы облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалану басқармасы басшысының орынбасары Қ.Даурембеков ұсынылып отырған шешімді қабылдау қажеттілігін негіздеп берді.

Осы мәселені қарау нәтижесінде ұсынылған шешімнің жобасын беріліп отырған редакцияда мақұлдап, облыстық мәслихаттың сессиясының қарауына енгізу туралы шешім қабылданды.

3 мәселе

 Алматы облыстық мәслихатының және әкімдігінің “Алматы облысы Талғар ауданының Гүлдала ауылдық округінде ауыл құру және оған «Жаңа қуат» атауын беру туралы” бірлескен шешімінің жобасы қаралды.

Осы мәселені қарау барысында Талғар ауданы әкімінің орынбасары Д.Қадірбекұлы ұсынылып отырған шешімді қабылдау қажеттілігін негіздеп, депутаттардың жауаптарына жауап берді.

Осы мәселені қарау нәтижесінде ұсынылған шешімнің жобасын беріліп отырған редакцияда мақұлдап, облыстық мәслихаттың сессиясының қарауына енгізу туралы шешім қабылданды.

4  мәселе

Алматы облыстық мәслихатының және әкімдігінің «Алматы облысының кейбір әкімшілік-аумақтық бірліктерін қайта атау туралы» бірлескен шешімінің жобасы қаралды.

Осы мәселені қарау барысында Алматы облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқарманың басшысы А.Башбаев ұсынылып отырған шешімді қабылдау қажеттілігін негіздеп берді.

Осы мәселені қарау нәтижесінде ұсынылған шешімнің жобасын беріліп отырған редакцияда мақұлдап, облыстық мәслихаттың сессиясының қарауына енгізу туралы шешім қабылданды.