Бос лауазымдарға конкурстар
Tab3 (қаз)
Аудандық, қалалық мәслихаттардың хатшылары
Tab2 (қаз)
Облыс әкімі Баталов Амандық Габбасұлы облыстық маслихаттың ХХХVI сессиясында
Tab6 (каз)
Алматы облыстық мәслихатының кезектен тыс XLIV сессиясы
Tab7 (каз)
Аудандық, қалалық мәслихаттардың хатшылары

«Алматы облыстық мәслихатының аппараты» ММ жалпы конкурс жариялайды

Конкурстың өтетін мекен-жайы: Алматы облыстық мәслихатының аппараты,    040000, Талдықорған қаласы, Тәуелсіздік көшесі, 38, 040000, Талдықорған қаласы, Тәуелсіздік көшесі,38, тел:24-69-22, электрондық пошта:almoblmaslihat@mail.ru

             «Алматы  облыстық мәслихатының аппараты» ММ заң, мемлекеттік-құқық және ақпараттық-талдау жұмысы бөлімінің жетекші маманы D-5 санаты (03-09), 1 бірлік.

            Негiзгi функционалдық мiндеттерi:Кеңсе ісін жүргізу, арыз-шағымдарды есепке алу және заңға сәйкес уақытылы жауап беруді, мерзімді баспасөзге жазылуды ұйымдастыру, облыстық мәслихаттың сессиясында қабылданған шешімдерді тиісті мемлекеттік органдарға жіберілуін қамтамасыз ету, департамент, басқармалар және тиісті органдардың басшыларын сессияның өткізілетін орны мен уақыты туралы хабардар ету.

            Жалақысы: еңбек сіңірген жылдарына байланысты лауазымдық жалақысы 83282 теңгеден 112431 теңгеге дейін.

            Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі-жоғары, құқықтық, экономикалық немесе осы салаға сәйкес ортадан кейінгі білім; мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес, немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі.  

Құжаттарды қабылдау мерзімі: конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап 7 жұмыс күні ішінде.

            Жалпы конкурсқа қатысу үшін мынандай құжаттар тапсырылады:

            1) "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсыты өткізу үшін 2 - қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш;

            2) 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған "Б" корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтiк тiзiмі;

            3) бiлiмi туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;

      "Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшiрмелерiне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.

      "Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген бiлiмi туралы құжаттарға "Халықааралық бағдарламалар орталығы" Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің "Болашақ" халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.

      Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын бiлiмi туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі;

      4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған немесе жұмыс орнынан кадр қызметімен куәландырылған көшiрмесi;

       5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарына сәйкес құжат тапсырғанға дейін алты айдан аспайтын уақытта берілген 086/е нысандағы денсаулығы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды) (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

      6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

      7) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе сертификаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

      8) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

       9) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген "Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген психоневрологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

       10) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген "Наркологиялық ұйымнан анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген наркологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).

            Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы арқылы берілген жағдайда құжаттардың түпнұсқасы немесе нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірілмей беріледі.

Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдана алады.

Байқаушылар туралы ақпарат:Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету мақсатында қандидаттармен әңгімелесу отырысына байқаушылар қатыстырылады.

Конкурстың өтетін мекен-жайы:

040000, Талдықорған қаласы, Тәуелсіздік көшесі, 38, кабинет 426.

 

скачать приложение

Аудандық, қалалық мәслихат сайттары

Для отображения блока требуется Flash Player
 

Интерактивті сұрақ-жауап

Знате ли вы депутата областного маслихата избранного от вашего округа?

 

Анонстар

04.08.2017  «Облыстық мәслихаттың депутаттарының назарына»

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Заңының 10 бабына сәйкес, VІ шақырылған облыстық мәслихаттың ХХ кезектен тыс сессиясы Талдықорған қаласы, Тәуелсіздік көшесі 38, облыстық әкімдіктің  ғимаратында 2017 жылғы 10 тамызында  сағ 1100 де   шақырылады.

Күн  тәртібінде:

1.     Алматы облыстық мәслихатының 2016 жылғы 9 желтоқсандағы «Алматы облысының 2017-2019 жылдарға арналған облыстық бюджеті туралы» №11-54 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

2.     Өзге мәселелер.

20.07.2017 Облыстық мәслихат депутаттарының назарына

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Заңының 10 бабына сәйкес, VІ шақырылған облыстық мәслихаттың XIX кезектен тыс сессиясы Талдықорған қаласы, Тәуелсіздік көшесі 38, облыстық әкімдіктің  ғимаратында  2017 жылғы 27 шілдеде  сағ 1500де   шақырылады.