Аппарат қызметкерлерінің лауазымдық міндеттері
Tab3 (қаз)
Аудандық, қалалық мәслихаттардың хатшылары
Tab2 (қаз)
Облыс әкімі Баталов Амандық Габбасұлы облыстық маслихаттың ХХХVI сессиясында
Tab6 (каз)
Алматы облыстық мәслихатының кезектен тыс XLIV сессиясы
Tab7 (каз)
Аудандық, қалалық мәслихаттардың хатшылары

Аппарат қызметкерлерінің лауазымдық міндеттері

 

Алматы облыстық мәслихаты аппаратының басшысы А.Құрманғалиевтың лауазымдық міндеттері

1. Облыстық мәслихат аппаратының қызметіне басшылық ету. Аппаратқа жүктелген функциялардың, жұмыс - жоспарларының жүзеге асырылуын,  Алматы облыстық мәслихаттың сессияларында қаралуға тиісті мәселелердің уақытымен қаралуын  қамтамасыз ету.        

2 Облыстық мәслихаттың сессияларында қаралуға тиісті мәселелердің тізбесінің жасалуын ұйымдастырып, бекітуге ұсынылуын қамтамасыз ету.

3. Облыстық мәслихатының сессияларын ұйымдастыру, өткізу және сессиялармен байланысты құжаттаманы жинау, қалыптастыру барысында облыстық мәслихаттың  Регламентінің сақталуын қамтамасыз ету.

4. Қолданыстағы заңнамаға және облыстық мәслихатының регламентіне сәйкес мәслихат аппараты мамандарына жүктелген қызметтік міндеттерінің сапалы және мерзімінде атқарылуын қадағалау, сонымен қатар аппаратта еңбек және мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың орындалуын, еңбек режимі мен жағдайларының сақталуын қамтамасыз ету.

5. Облыстық мәслихаттың сессияларына, көшпелі отырыстарға қатысу.    

6. Облыстық мәслихат аппараты қызметкерлерінің міндеттерінің нақты айқындалуын қамтамасыз ету.

7. Облыстық мәслихат аппаратының тиімді қызметін ұйымдастыру мақсатында оны қажетті материалдық-техникалық базамен қамтамасыз ету.

8. Облыстық мәслихат аппаратымен жүргізілетін мемлекеттік сатып алулардың жылдық жоспары әзірленген кезде, аппараттағы  бар материалдық құндылықтардың тиімді пайдалануын зерттеу.

9. Облыстық мәслихат аппаратында ұжымдық мәдениетті қалыптастыру және қолайлы әлеуметтік-психологиялық еңбек климатын дамыту.

10. Облыстық мәслихат аппараты бөлімдерінің басшыларымен келісе отырып Қазақстан Республкасының Қолданыстағы заңнамасына сәйкес аппарат қызметшілерін жыл сайынғы кезекті еңбек демалыстарына жіберу, еңбек демалыстарынан шақырып алу мәселелерін қарап, облыстық мәслихаттың хатшысының қол қоюына өкім жобасын ұсыну.

11. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес облыстық мәслихат аппаратына жүктелген функциялардың жүзеге асырылуын қамтамасыз ету мақсатында облыстық мәслихат хатшысымен берілген тапсырмалардың орындалуын қамтамасыз ету.

13. Өзіне қызметтік міндеттерді атқару үшін тапсырып берілген компьютер мен кеңсе техникасының, жиhаздың және басқа да материалдық –техникалық құралдардың сақталуын, дұрыс пайдалануын қамтамасыз ету.

 

     

Алматы облыстық мәслихаты аппаратының мемлекеттік-құқықтық, ақпараттық-талдау жұмысы және депутаттық қызметті заңдылық, қоғамдық тәртіпті сақтау, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, өндіріс, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту, бюджет, қаржы және тарифтік саясат салаларында қамтамасыз ету бөлімінің  басшысы С.Нұрахметовтың лауазымдық міндеттері

1. Бөлім қызметкерлерінің функционалдық міндеттерін айқындап, олардың мерзімінде, сапалы және толық көлемде орындалуына бақылауды жүзеге асыру.

2. Бөлімнің атқарылатын қызметіне байланысты құжаттамалық қамтамасыз етілуіне бақылауды жүзеге асыру.

3. Бөлімде мемлекеттік және еңбек тәртібінің жағдайына және ішкі еңбек тәртібінің сақталуына бақылауды жүзеге асыру.

4. Бөлім қызметкерлері жұмысының тиімділігі мен нәтижелігін талдап тиісті мәліметтерді облыстық мәслихат аппаратының басшысына тапсыру.

5. Бөлімде іс-жүргізу сапасын, жинақ папкалардың мерзімінде ашылуы және оларға тиісті құжаттаманы мерзімінде тігілуін бақылау.

6. Календарлық жылда облыстық мәслихатпен қаралуға тиісті мәселелер тізбесін жасақтау және оны облыстық мәслихат аппаратының жетекшісімен және облыстық мәслихаттың хатшысымен келісу.

7. Облыстық мәслихат аппаратының тоқсандық, жылдық жұмыс жоспарларын әзірлеп облыстық мәслихат хатшысының бекітуіне ұсыну.

8. Бөлімнің тоқсандық жұмыс жоспарын әзірлеп, аппарат басшысының бекітуіне ұсыну және орындалуын қамтамасыз ету мақсаттарында бөлім қызметкерлерінің назарына жеткізу.

9.   Мәслихаттың қарауына енгізілген, тиісті органдармен келісілген, қолданыстағы заңнамаға сәйкес ресімделген құжаттама негізінде сессияның күн тәртібін әзірлеп мәслихаттың хатшысына және аппарат басшысына тапсыру.

10. Облыстық мәслихатпен және оның органдарымен қабылданатын шешімдердің Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес келуін қамтамасыз ету.

11. Мемлекеттік тіркеуге жататын нормативтік – құқықтық актілерді әзірлеу және әділет органдарына жолдау.

12. Облыстық мәслихаттың қолданыстағы нормативтік-құқықтық шешімдеріне мониторинг жүргізу.

13. Мемлекеттік тіркеуден өткен нормативтік-құқықтық шешімдерді ресми жариялау үшін бұқаралық ақпарат құралдарына жолдау.

14. Облыстық мәслихатқа заңдылықтың, қоғамдық тәртіптің сақталуын қамтамасыз ету мәселелері бойынша жолданған жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін зерттеу, оларды тиісті органдарға жолдау, өтініш иелеріне аралық хаттардың және қолданылған шаралар туралы қорытынды жауаптардың жобаларын әзірлеу.

15. Облыстық мәслихатпен, оның органдары мен депутаттарымен заңдылықтың, қоғамдық тәртіптің сақталуын қамтамасыз ету салаларында атқарылып жатқан жұмыстар туралы облыс тұрғындарының хабардар болуын қамтамасыз ету.

16. Заңдылықтың, қоғамдық тәртіптің сақталуын қамтамасыз ету, салаларында мемлекеттік органдармен атқарылып жатқан жұмыс туралы ақпаратты, жергілікті атқарушы органдар басшыларының есептерін жинақтау, талдау және анықтамаларды әзірлеу.

17. Депутаттардың жергілікті атқарушы органдарына жолданған заңдылықтың, қоғамдық тәртіптің сақталуын қамтамасыз ету салаларына қатысты мәселелер бойынша депутаттық сұраныстарының есебін жүргізу, талдау және қорыту.

18. Облыстық мәслихаттың аудан, қала мәслихаттарымен заңдылықтың және қоғамдық тәртіптің сақталуын қамтамасыз ету мәселелері бойынша ақпараттық алмасуды қамтамасыз ету.

19. Талдықорган, Қапшағай, Текелі қалаларында жергілікті өзін өзі басқаруды енгізу мәселелері бойынша талдау, үйлестіру жұмысын жүргізу, жергілікті мәслихаттармен өзара әрекет ету.

20.  Талдықорган, Қапшағай, Текелі қалалары бойынша сайланған облыстық мәслихаттың депутаттарын және тиісті қала мәслихаттарының хатшылары мен қала әкімдерін сессиялар мен тұрақты комиссиялардың отырыстары, қоғамдық тыңдаулар өткізілетін орны мен уақыты туралы хабардар ету.

21. Облыстық мәслихат депутаттарының ұсыныстары негізінде заңдылықтың, қоғамдық тәртіптің сақталуын қамтамасыз ету мәселелері бойынша облыстық мәслихат шешімдерінің жобаларын әзірлеу, басқа мемлекеттік органдардан ұсынылған шешімдер жобаларының сауатты рәсімделуін, жобалардың аудармаларының дұрыстығын, жобалардың аудармаларындағы мәліметтердің бірі біріне сәйкес келуін, нормативтік-құқықтық актілер жобаларының сыбайлас жемқорлыққа қарсы экспертизаға жолданғандығын, бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланғандығын, облыс әкімі жанындағы сараптау комиссиясымен қаралғандығын тексеру.

22. Талдықорган, Қапшағай, Текелі қалалары бойынша сайланған облыстық мәслихаттың депутаттарын облыстық мәслихаттың жұмысы, оның тұрақты комиссияларының қызметі, облыстық мәслихат шешімдерінің орындалуы жөніндегі ақпараттық материалдармен қамтамасыз ету.

23. Депутаттық өкілеттігі, заңдылық, заң тәртібін сақтау және саяси партиялар, қоғамдық ұйымдармен байланыс жөніндегі тұрақты комиссиясына  методикалық жетекшілік ету, қызметін үйлестіру, комиссия мүшелерін және есеп беретін, хабарлама жасайтын мемлекеттік органдардың басшыларын, лауазымды тұлғаларды комиссия отырыстары, қаралатын мәселелер туралы хабардар ету, ақпарат сұрату, хаттамалдардың жүргізілуін қамтамасыз ету, қабылданатын қаулылардың жобаларын әзірлеу, қабылданған қаулалырдың орындалуын бақылау.

24. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес облыстық мәслихат аппаратына жүктелген функциялардың жүзеге асырылуын қамтамасыз ету мақсатында облыстық мәслихат хатшысымен, аппарат басшысымен берілген тапсырмалардың орындалуын қамтамасыз ету.

25. Облыстық аумақтық және облыстық округтік сайлау коомиссияларының құрамдарын қалыптастыру және өзгерістердің енгізілуін қамтамасыз ету жұмыстарына қатысу.

26. Өзінің лауазымдық өкілеттіктері мен міндеттеріне байланысты облыстық мәслихат хатшысының өкімдерінің жобаларын әзірлеу және оларды келісу.

27. Әр аптаның соңғы жұмыс күнінде ағымды аптада атқарылған жұмыс жөніндегі анықтаманы және келесі аптада атқаратын жазбаша  жұмыс жоспарын баспасөз хатшысына тапсыру.

28. Өзіне қызметтік міндеттерді атқару үшін тапсырып берілген компьютер мен кеңсе техникасының, жиhаздың және басқа да материалдық –техникалық құралдардың сақталуына, дұрыс пайдалануына жауап беру.

29. Аппарат басшысы уақытша болмаған кезде оның міндеттерін атқару.

 

 

Алматы облыстық мәслихаты аппаратының  ұйымдастыру, қаржы-шаруашылық жұмысы және депутаттық қызметті ауылшаруашылығы, экология, әлеуметтік  саясат, білім, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт, туризм, тілдер және этносаралық қатынастары салаларында қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Б.Байтасованың лауазымдық міндеттері

1. Бөлім қызметкерлерінің функционалдық міндеттерін айқындап, олардың мерзімінде, сапалы және толық көлемде орындалуына бақылауды жүзеге асыру.

2. Бөлімнің атқарылатын қызметіне байланысты құжаттамалық қамтамасыз етілуіне бақылауды жүзеге асыру.

3. Бөлімде мемлекеттік және еңбек тәртібінің жағдайына және ішкі еңбек тәртібінің сақталуына бақылауды жүзеге асыру.

4. Бөлім қызметкерлері жұмысының тиімділігі мен нәтижелігін талдап тиісті мәліметтерді облыстық мәслихат аппаратының басшысына тапсыру.

5. Бөлімде іс-жүргізу сапасын, жинақ папкалардың мерзімінде ашылуы және оларға тиісті құжаттаманы мерзімінде тігілуін бақылау.

6. Календарлық жылда облыстық мәслихатпен қаралуға тиісті мәселелер тізбесіне ұсынылатын мәселелердің тізбесін облыстық мәслихат аппаратының мемлекеттік-құқықтық, ақпараттық-талдау жұмысы және депутаттық қызметті заңдылық, қоғамдық тәртіпті сақтау, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, өндіріс, кіші және орта кәсіпкерлікті дамыту, бюджет, қаржы және тарифтік саясат салаларында қамтамасыз ету бөлімінің басшысына тапсыру.

7. Облыстық мәслихат аппаратының тоқсандық, жылдық жұмыс жоспарларына  ұсынылатын мәселелер тізбесін облыстық мәслихат аппаратының мемлекеттік-құқықтық, ақпараттық-талдау жұмысы және депутаттық қызметті заңдылық, қоғамдық тәртіпті сақтау, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, өндіріс, кіші және орта кәсіпкерлікті дамыту, бюджет, қаржы және тарифтік саясат салаларында қамтамасыз ету бөлімінің басшысына тапсыру.

8. Бөлімнің тоқсандық жұмыс жоспарын әзірлеп, аппарат басшысының бекітуіне ұсыну және орындалуын қамтамасыз ету мақсаттарында бөлім қызметкерлерінің назарына жеткізу.

9. Облыстық мәслихаттың сессияларын жүргізу тәртібін әзірлеп облыстық мәслихат аппаратының басшысымен және облыстық мәслихаттың хатшысымен келісу.

10. Облыстық мәслихатпен қабылданған шешімдерді тіркеу.

11. Сессияға шақырылғандардың тізімін қалыптастыру және оларды отырғызу жоспарын әзірлеу.

12. Облыстық мәслихатқа ауылшаруашылығы, экология мәселелері бойынша жолданған жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін зерттеу, оларды тиісті органдарға жолдау, өтініш иелеріне аралық хаттардың және қолданылған шаралар туралы қорытынды жауаптардың жобаларын әзірлеу.

13. Облыстық мәслихатпен, оның органдары мен депутаттарымен ауылшаруашылығы, экология салаларында атқарылып жатқан жұмыстар туралы облыс тұрғындарының хабардар болуын қамтамасыз ету.

14. Ауылшаруашылығы, экология салаларында мемлекеттік органдармен атқарылып жатқан жұмыс туралы ақпаратты, жергілікті атқарушы органдар басшыларының есептерін жинақтау, талдау және анықтамаларды әзірлеу.

15. Депутаттардың жергілікті атқарушы органдарына ауылшаруашылығы, экология салаларына қатысты мәселелер бойынша депутаттық сұраныстарының есебін жүргізу, талдау және қорыту.

16. Облыстық мәслихаттың аудан, қала мәслихаттарымен ауылшаруашылығы, экология мәселелері бойынша ақпараттық алмасуды қамтамасыз ету.

17. Панфилов, Талғар, Сарқан аудандарында жергілікті өзін өзі басқаруды енгізу мәселелері бойынша талдау, үйлестіру жұмысын жүргізу, жергілікті мәслихаттармен өзара әрекет ету.

18.  Панфилов, Талғар, Сарқан аудандары бойынша сайланған облыстық мәслихаттың депутаттарын және тиісті аудан мәслихаттарының хатшылары мен аудан әкімдерін сессиялар мен тұрақты комиссиялардың отырыстары, қоғамдық тыңдаулар өткізілетін орны мен уақыты туралы алдын ала хабардар ету.

19. Облыстық мәслихат депутаттарының ұсыныстары негізінде ауылшаруашылығы, экология мәселелері бойынша облыстық мәслихат шешімдерінің жобаларын әзірлеу, басқа мемлекеттік органдардан ұсынылған шешімдер жобаларының сауатты рәсімделуін, жоба аудармаларының дұрыстығын, жоба аудармаларындағы мәліметтердің бірі біріне сәйкес келуін, нормативтік-құқықтық актілер жобаларының сыбайлас жемқорлыққа қарсы экспертизаға жолданғандығын, бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланғандығын, облыс әкімі жанындағы сараптау комиссиясымен қаралғандығын тексеру.

20. Панфилов, Талғар, Сарқан аудандары бойынша сайланған облыстық мәслихаттың депутаттарын облыстық мәслихаттың жұмысы, оның тұрақты комиссияларының қызметі, облыстық мәслихат шешімдерінің орындалуы жөніндегі ақпараттық материалдармен қамтамасыз ету.

21. Ауылшаруашылығы, экология жөніндегі тұрақты комиссиясына  методикалық жетекшілік ету, қызметін үйлестіру, комиссия мүшелерін және есеп беретін, хабарлама жасайтын мемлекеттік органдардың басшыларын, лауазымды тұлғаларды комиссия отырыстары, қаралатын мәселелер туралы хабардар ету, ақпарат сұрату, хаттамалдардың жүргізілуін қамтамасыз ету, қабылданатын қаулылардың жобаларын әзірлеу, қабылданған қаулалырдың орындалуын бақылау.

22. Облыстық аумақтық және облыстық округтік сайлау комиссияларының құрамдарын қалыптастыру және өзгерістердің енгізілуін қамтамасыз ету.

23. Өзінің лауазымдық өкілеттіктері мен міндеттеріне байланысты облыстық мәслихат хатшысының өкімдерінің жобаларын әзірлеу және оларды келісу.

24. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес облыстық мәслихат аппаратына жүктелген функциялардың жүзеге асырылуын қамтамасыз ету мақсатында облыстық мәслихат хатшысымен, аппарат басшысымен берілген тапсырмалардың орындалуын қамтамасыз ету.

25. Әр аптаның соңғы жұмыс күнінде ағымды аптада атқарылған жұмыс жөніндегі анықтаманы және келесі аптада атқаратын жазбаша  жұмыс жоспарын баспасөз хатшысы (С.Бейсенбаеваға) тапсыру.

26. Өзіне қызметтік міндеттерді атқару үшін тапсырып берілген компьютер мен кеңсе техникасының, жиhаздың және басқа да материалдық –техникалық құралдардың сақталуына, дұрыс пайдалануына жауап беру.

 

 

Алматы облыстық мәслихаты аппаратының  «Мемлекеттік-құқықтық, ақпараттық-талдау жұмысы және депутаттық қызметті заңдылық, қоғамдық тәртіпті сақтау, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, өндіріс, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту, бюджет, қаржы және тарифтік саясат салаларында қамтамасыз ету»бөлімінің баспасөз - хатшысы С.Бейсенбаеваның лауазымдық міндеттері

1. Облыстық мәслихат хатшысының бекітуіне облыстық мәслихат аппараты бөлімдерінің басшыларымен және аппарат басшысымен келісілген облыстық мәслихаттың жұмысы жөніндегі мақалаларды, баяндамаларды және басқа да ақпаратты бұқаралық ақпарат құралдарында және облыстық мәслихат аппаратының ресми сайтында орналастыру медиа-жоспарын ұсыну, оның жүзеге асырылуын қамтамасыз ету.

2. Облыстық мәслихат хатшысының төрағалығымен және қатысуымен өткізілетін отырыстар мен шараларда қаралуы жоспарланып отырған мәселелер бойынша ақпараттық материалдарды жинау, талдау, қорыту және  олармен облыстық мәслихат хатшысын алдын ала қамтамасыз ету.

3. Облыстық мәслихат хатшысының төрағалығымен өткізілетін көшпелі отырыстардың, халықпен кездесулердің, азаматтарды қабылдаулардың құжаттамалық ресімделуін қамтамасыз ету, осы жұмыс жөніндегі ақпараттың бұқаралық ақпарат құралдарында және облыстық мәслихат аппаратының ресми сайтында орналастырылуын қамтамасыз ету.

4. Облыстық мәслихат хатшысының төрағалығымен өткізілетін көшпелі отырыстардың, халықпен кездесулердің, азаматтарды қабылдаулардың барысында облыстық мәслихат хатшысының атына түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің тіркелуін және жауаптардың өтініш иелеріне мерзімінде берілуін бақылауға алу үшін  жетекші маман Н.Насироваға беру.

5. Облыстық мәслихат аппаратының ресми Веб сайтында облыстық мәслихаттың және оның органдарының жұмысы туралы ақпараттың  сапалы, толық және дер кезінде жариялануын қамтамасыз ету.

7. Облыстық мәслихат, облыстық мәслихаттың депутаттары және олардың депутаттық қызметі, облыстық мәслихаттың аппараты, облыстық мәслихат аппаратының қызметкерлері және олардың қызметі, сонымен қатар жергілікті өкілді органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару жөнінде бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған мақалаларды және өзге да ақпараттық материалдарды талдау, жинак папкаларына тігу және осы жөнінде бөлім басшысын, аппарат басшысын, мәслихат хатшысын хабардар ету.

8. Облыстық мәслихатқа тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық, өндіріс, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту мәселелері бойынша жолданған жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін зерттеу, оларды тиісті органдарға жолдау, өтініш иелеріне аралық хаттардың және қолданылған шаралар туралы қорытынды жауаптардың жобаларын әзірлеу.

9. Облыстық мәслихатпен, оның органдары мен депутаттарымен тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық, өндіріс, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту салаларында атқарылып жатқан жұмыстар туралы облыс тұрғындарының хабардар болуын қамтамасыз ету.

10. Тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық, өндіріс, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту салаларында мемлекеттік органдармен атқарылып жатқан жұмыс туралы ақпаратты, жергілікті атқарушы органдар басшыларының есептерін жинақтау, талдау және анықтамаларды әзірлеу.

11. Депутаттардың жергілікті атқарушы органдарға жолданған тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық, өндіріс, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту салаларына қатысты мәселелер бойынша депутаттық сұраныстарының есебін жүргізу, талдау және қорыту.

12. Облыстық мәслихаттың аудан, қала мәслихаттарымен тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық, өндіріс, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту мәселелері бойынша ақпараттық алмасуды қамтамасыз ету.

13. Балқаш, Іле, Жамбыл аудандарында жергілікті өзін өзі басқаруды енгізу мәселелері бойынша талдау, үйлестіру жұмысын жүргізу, жергілікті мәслихаттармен өзара әрекет ету.

14. Балқаш, Іле, Жамбыл аудандары бойынша сайланған облыстық мәслихаттың депутаттарын және аталған аудан мәслихаттарының хатшылары мен аудан әкімдерін сессиялар мен тұрақты комиссиялардың отырыстары, қоғамдық тыңдаулар өткізілетін орны мен уақыты туралы хабардар ету.

15. Облыстық мәслихат депутаттарының ұсыныстары негізінде тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық, өндіріс, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту мәселелері бойынша облыстық мәслихат шешімдерінің жобаларын әзірлеу, басқа мемлекеттік органдардан ұсынылған шешімдер жобаларының сауатты рәсімделуін, жобалардың аудармаларының дұрыстығын, жоба аудармаларындағы мәліметтердің бірі біріне сәйкес келуін, нормативтік-құқықтық актілер жобаларының мәслихаттың қарауына ұсынудың алдында сыбайлас жемқорлыққа қарсы экспертизаға жолданғандығын, бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланғандығын, облыс әкімі жанындағы сараптау комиссиясымен қаралғандығын тексеру.

16. Балқаш, Іле, Жамбыл аудандары бойынша сайланған облыстық мәслихаттың депутаттарын облыстық мәслихаттың жұмысы, оның тұрақты комиссияларының қызметі, облыстық мәслихат шешімдерінің орындалуы жөніндегі ақпараттық материалдармен қамтамасыз ету.

17. Тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық, өндіріс, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі тұрақты комиссиясына  методикалық жетекшілік ету, қызметін үйлестіру, комиссия мүшелерін және есеп беретін, хабарлама жасайтын мемлекеттік органдардың басшыларын, лауазымды тұлғаларды комиссия отырыстары, қаралатын мәселелер туралы хабардар ету, ақпарат сұрату, хаттамалдардың жүргізілуін қамтамасыз ету, қабылданатын қаулылардың жобаларын әзірлеу, қабылданған қаулалырдың орындалуын бақылау.

18. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес облыстық мәслихат аппаратына жүктелген функцияларға сәйкес облыстық мәслихат хатшысымен, аппарат басшысымен, бөлімнің басшысымен берілген тапсырмалардың орындалуын қамтамасыз ету.

19. Облыстық аумақтық және облыстық округтік сайлау коомиссияларының құрамдарын қалыптастыру және өзгерістерді енгізу жұмысына қатысу.

20.  Бөлімнің басшысына келесі тоқсанда атқаратын жұмысы жөніндегі аппараттың тоқсандық жұмыс жоспарларын қалыптастыруға қажетті мәселелер тізбесін, келесі тоқсан басталғанға дейін 5 күн қалғанда беру.

21. Әр аптаның соңғы жұмыс күнінде ағымды аптада атқарған жұмысы жөнінде бөлім басшысыны жазбаша есеп беру және келесі аптада атқаратын жазбаша  жұмыс жоспарын ұсыну.

22. Өзінің лауазымдық өкілеттіктері мен міндеттеріне байланысты облыстық мәслихат хатшысының өкімдерінің жобаларын әзірлеу және оларды келісу.

23. Әр аптаның соңғы жұмыс күнінде облыстық мәслихат хатшысының атына аппарат қызметкерлері берген есептер негізінде аппаратпен ағымды аптада атқарылған жұмыс жөніндегі анықтама әзірлеп, аппарат басшысына тапсыру (аппарат басшысы болмаған кезде, тікелей облыстық мәслихаттың хатшысына). Апта сайын мәслихат хатшысына берілген есептерді арнайы жинақ папкаларына тігу және олар енігізнде қажет болған жағдайда аппаратпен белгілі бір мерзім аралығында атқарылған жұмыс жөніндегі анықтамаларды әзірлеу.

24. Өзіне қызметтік міндеттерді атқару үшін тапсырып берілген компьютер мен кеңсе техникасының, жиhаздың және басқа да материалдық –техникалық құралдардың сақталуына, дұрыс пайдалануына жауапты.

 

 

Алматы облыстық мәслихаты аппаратының ұйымдастыру, қаржы-шаруашылық жұмысы және депутаттық қызметті ауылшаруашылығы, экология, әлеуметтік  саясат, білім, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт, туризм, тілдер және этносаралық қатынастары салаларында қамтамасыз ету бөлімінің бас  маманы Н.Нүсіпбекованың лауазымдық міндеттері

1. Іс-құжаттар номенклатурасын әзірлеу және облыстық мәслихат хатышысынң бекітуіне ұсыну, облыстық мәслихаттың аппаратында іс-құжаттар жүргізу мәселелерін бақылау, мұрағат құжаттамасымен жұмыс жасау.

   2. Сессиялар, тұрақты комиссиялардың отырыстары, қоғамдық тыңдаулар өткізілетін орындардың алдын ала әзірленуін қамтамасыз ету.

3. Облыстық мәслихатқа әлеуметтік саясат, білім, денсаулық сақтау, тіл, ономастика және этносаралық қатынастары мәселелері бойынша жолданған жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін зерттеу, оларды тиісті органдарға жолдау, өтініш иелеріне аралық хаттардың және қолданылған шаралар туралы қорытынды жауаптардың жобаларын әзірлеу.

4. Облыстық мәслихатпен, оның органдары мен депутаттарымен әлеуметтік саясат, білім, денсаулық сақтау, тіл, ономастика және этносаралық қатынастары салаларында атқарылып жатқан жұмыстар туралы облыс тұрғындарының хабардар болуын қамтамасыз ету.

5. Әлеуметтік саясат, білім, денсаулық сақтау, тіл, ономастика және этносаралық қатынастары салаларында мемлекеттік органдармен атқарылып жатқан жұмыс туралы ақпаратты, жергілікті атқарушы органдар басшыларының есептерін жинақтау, талдау және анықтамаларды әзірлеу.

6. Депутаттардың жергілікті атқарушы органдарға жолданған әлеуметтік саясат, білім, денсаулық сақтау, тіл, ономастика және этносаралық қатынастары салаларына қатысты мәселелер бойынша депутаттық сұраныстарының есебін жүргізу, талдау және қорыту.

7. Облыстық мәслихаттың аудан, қала мәслихаттарымен әлеуметтік саясат, жастар саясаты, білім, денсаулық сақтау, тіл, ономастика және этносаралық қатынастары мәселелері бойынша ақпараттық алмасуды қамтамасыз ету.

8. Ескелді, Кербұлақ, Еңбекшіқазақ аудандарында  жергілікті өзін өзі басқаруды енгізу мәселелері бойынша талдау, үйлестіру жұмысын жүргізу, жергілікті мәслихаттармен өзара әрекет ету.

9. Ескелді, Кербұлақ, Еңбекшіқазақ аудандары бойынша сайланған облыстық мәслихаттың депутаттарын және аталған аудан мәслихаттарының хатшылары мен аудан әкімдерін сессиялар мен тұрақты комиссиялардың отырыстары, қоғамдық тыңдаулар өткізілетін орны мен уақыты туралы алдын ала хабардар ету.

10. Облыстық мәслихат депутаттарының ұсыныстары негізінде әлеуметтік саясат, білім, денсаулық сақтау, тіл, ономастика және этносаралық қатынастары мәселелері бойынша облыстық мәслихат шешімдерінің жобаларын әзірлеу, басқа мемлекеттік органдардан ұсынылған шешімдер жобаларының сауатты рәсімделуін, жобалардың аудармаларының дұрыстығын, жоба аудармаларындағы мәліметтердің бір біріне сәйкес келуін, нормативтік-құқықтық актілер жобаларының мәслихаттың қарауына ұсынудың алдында сыбайлас жемқорлыққа қарсы экспертизаға жолданғандығын, бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланғандығын, облыс әкімі жанындағы сараптау комиссиясымен қаралғандығын тексеру.

11. Ескелді, Кербұлақ, Еңбекшіқазақ аудандары бойынша сайланған облыстық мәслихаттың депутаттарын облыстық мәслихаттың жұмысы, оның тұрақты комиссияларының қызметі, облыстық мәслихат шешімдерінің орындалуы жөніндегі ақпараттық материалдармен қамтамасыз ету.

12. Облыстық мәслихаттың әлеуметтік саясат, тіл және этносаралық қатынастары жөніндегі тұрақты комиссиясына әлеуметтік саясат, білім, денсаулық сақтау, тіл, ономастика және этносаралық қатынастары  мәселелері бойынша методикалық жетекшілік ету, қызметін үйлестіру, комиссия мүшелерін және есеп беретін, хабарлама жасайтын мемлекеттік органдардың басшыларын, лауазымды тұлғаларды комиссия отырыстары, қаралатын мәселелер туралы хабардар ету, ақпарат сұрату, хаттамалдардың жүргізілуін қамтамасыз ету, қабылданатын қаулылардың жобаларын әзірлеу, қабылданған қаулалырдың орындалуын бақылау.

13. Облыстық аумақтық және облыстық округтік сайлау коомиссияларының құрамдарын қалыптастыру және өзгерістерді енгізу жұмыстарына қатысу.

14. Облыстық мәслихат аппаратында Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 шiлдедегі " Қазақстан Республикасындағы тiл туралы" N151 заңындағы және онымен байланысты басқа да заңнамадағы талаптардың сақталуын қамтамасыз ету.

15. Облыстық мәслихат аппаратында Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 4 маусымдағы "Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы" N258 Конституциялық заңындағы және онымен байланысты басқа да актілердегі талаптардың сақталуын, сонымен қатар Алматы облыстық мәслихаттың аппаратындағы Ұлттық стандарттарға сәйкес келмейтін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Мемлекеттік Елтаңбасын ауыстыру және жою жөніндегі комиссиясын қажетті талдау материалдарымен қамтамасыз ету.

16. Өзінің лауазымдық өкілеттіктері мен міндеттеріне байланысты облыстық мәслихат хатшысының өкімдерінің жобаларын әзірлеу және оларды келісу.

17.   Қазақстан Республикасының мәслихаттары Республикалық қоғамдық бірлестігі мүшелерінің жұмысын үйлестіру, жарнамалардың уақытымен түсуіне атсалысу.

18. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес облыстық мәслихат аппаратына жүктелген функцияларға сәйкес облыстық мәслихат хатшысымен, аппарат басшысымен, бөлімнің бастығымен берілген тапсырмалардың орындалуын қамтамасыз ету.

19.  Бөлімнің басшысына келесі тоқсанда атқаратын жұмысы жөніндегі аппараттың тоқсандық жұмыс жоспарларын қалыптастыруға қажетті мәселелер тізбесін, келесі тоқсан басталғанға дейін 5 күн қалғанда беру.

20. Әр аптаның соңғы жұмыс күнінде ағымды аптада атқарған жұмысы жөнінде бөлім басшысына жазбаша есеп беру және келесі аптада атқаратын жазбаша  жұмыс жоспарын ұсыну.

21. Әр аптаның соңғы жұмыс күнінде ағымды аптада атқарылған жұмыс жөніндегі анықтаманы және келесі аптада атқаратын жазбаша  жұмыс жоспарын баспасөз хатшысына тапсыру.

22. Өзіне қызметтік міндеттерді атқару үшін тапсырылып берілген компьютер мен кеңсе техникасының, жиhаздың және басқа да материалдық –техникалық құралдардың сақталуына, дұрыс пайдалануына жауапты.

 

 

Алматы облыстық мәслихаты аппаратының  ұйымдастыру, қаржы-шаруашылық жұмысы және депутаттық қызметті ауылшаруашылығы, экология, әлеуметтік  саясат, білім, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт, туризм, тілдер және этносаралық қатынастары салаларында қамтамасыз ету бөлімінің  бас  маманы А.Қасымғалиеваның  лауазымдық міндеттері

1. Облыстық мәслихат аппаратының басшысымен, бас маман - есепшімен келісе отырып облыстық мәслихат аппаратының нақты қажеттіліктерін ескере келе, мемлекеттік сатып алу жоспарларын әзірлеу, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес облыстық мәслихат аппаратының мемлекеттік сатып алуларын жүргізу.

2. Мемлекеттік тапсырыстар бойынша сатып алу жұмыстарына веб порталға уақытысында заңға сәйкес хабарлама беру.

3. Мемлекеттік тапсырыстар бойынша үміткерлердің құжаттарын қабылдау, журналға тіркеу, келісім шарттарды толтыру, құжаттарды қалыптастыру, хаттамаларды толтыру.

4. Облыстық мәслихат аппаратының мемлекеттік тапсырыстар бойынша сатып алу есептерінің барлық түрлерін өткізу.

5. Облыстық мәслихат депутаттарының сессияларға және тұрақты комиссиялардың отырыстарына қатысуын қадағалау.

6. Сессиялар, тұрақты комиссиялардың отырыстары, қоғамдық тыңдаулар өткізілетін орындардың алдын ала әзірленуін қамтамасыз ету.

7. Облыстық мәслихаттың депутаттарын, облыстық мәслихат хатшысы және  аппарат басшысын, облыс әкімін, облыс әкімінің орынбасарларын және облыс әкімі аппаратының басшысын өткізілетін сессияның күн тәртібіндегі мәселелер бойынша қағаз түріндегі шешімдердің жобаларымен, тиісті құжаттамамен қамтамасыз ету.

8. Облыстық мәслихат сессияларының хаттамаларын жүргізу.

9. Облыстық мәслихатқа мәдениет, спорт, туризм, жастар саясаты мәселелері бойынша жолданған жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін зерттеу, оларды тиісті органдарға жолдау, өтініш иелеріне аралық хаттардың және қолданылған шаралар туралы қорытынды жауаптардың жобаларын әзірлеу.

10. Облыстық мәслихатпен, оның органдары мен депутаттарымен мәдениет, спорт, туризм, жастар саясаты қатынастары салаларында атқарылып жатқан жұмыстар туралы облыс тұрғындарының хабардар болуын қамтамасыз ету.

11. Мәдениет, спорт, туризм, жастар саясаты салаларында мемлекеттік органдармен атқарылып жатқан жұмыс туралы ақпаратты, жергілікті атқарушы органдар басшыларының есептерін жинақтау, талдау және анықтамаларды әзірлеу.

12. Депутаттардың жергілікті атқарушы органдарға жолданған мәдениет, спорт, туризм, жастар саясаты салаларына қатысты мәселелер бойынша депутаттық сұраныстарының есебін жүргізу, талдау және қорыту.

13. Облыстық мәслихаттың аудан, қала мәслихаттарымен мәдениет, спорт, туризм мәселелері бойынша ақпараттық алмасуды қамтамасыз ету.

14. Ақсу, Қаратал, Алакөл аудандарының мәслихаттарына жергілікті өзін өзі басқаруды енгізу мәселелері бойынша талдау, үйлестіру, әдістемелік жетекшілік ету.

15. Ақсу, Қаратал, Алакөл аудандары бойынша сайланған облыстық мәслихаттың депутаттарын және аталған аудан мәслихаттарының хатшылары мен аудан әкімдерін сессиялар мен тұрақты комиссиялардың отырыстары, қоғамдық тыңдаулар өткізілетін орны мен уақыты туралы хабардар ету.

16. Сессияда қаралуы жоспарланып отырған мәселелер бойынша электрондық түрдегі шешім жобаларын және тиісті құжаттаманы рет ретімен электрондық құжаттардың жинақ папкаларына жинақтап, облыстық мәслихаттың депутаттарына және қажет болған жағдайда тиісті мемлекеттік органдармен, лауазымды тұлғаларға электрондық пошта арқылы алдын ала жолдау.

17. Облыстық мәслихат депутаттарының ұсыныстары негізінде мәдениет, спорт, туризм, жастар саясаты мәселелері бойынша облыстық мәслихат шешімдерінің жобаларын әзірлеу, басқа мемлекеттік органдардан ұсынылған шешімдер жобаларының сауатты рәсімделуін, жобалардың аудармаларының дұрыстығын, жоба аудармаларындағы мәліметтердің бір біріне сәйкес келуін, нормативтік-құқықтық актілер жобаларының мәслихаттың қарауына ұсынудың алдында сыбайлас жемқорлыққа қарсы экспертизаға жолданғандығын, бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланғандығын, облыс әкімі жанындағы сараптау комиссиясымен қаралғандығын тексеру.

18. Ақсу, Қаратал, Алакөл аудандары бойынша сайланған облыстық мәслихаттың депутаттарын облыстық мәслихаттың жұмысы, оның тұрақты комиссияларының қызметі, облыстық мәслихат шешімдерінің орындалуы жөніндегі ақпараттық материалдармен қамтамасыз ету

19. Облыстық мәслихаттың әлеуметтік саясат, тіл және этносаралық қатынастары жөніндегі тұрақты комиссиясына мәдениет, спорт, туризм, жастар саясаты мәселелері бойынша  методикалық жетекшілік ету, қызметін үйлестіру, комиссия мүшелерін және есеп беретін, хабарлама жасайтын мемлекеттік органдардың басшыларын, лауазымды тұлғаларды комиссия отырыстары, қаралатын мәселелер туралы хабардар ету, ақпарат сұрату, хаттамалдардың жүргізілуін қамтамасыз ету, қабылданатын қаулылардың жобаларын әзірлеу, қабылданған қаулалырдың орындалуын бақылау.

20. Өзінің лауазымдық өкілеттіктері мен міндеттеріне байланысты облыстық мәслихат хатшысының өкімдерінің жобаларын әзірлеу және оларды келісу.

21. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес облыстық мәслихат аппаратына жүктелген функцияларға сәйкес облыстық мәслихат хатшысымен, аппарат басшысымен, бөлімнің бастығымен берілген тапсырмалардың орындалуын қамтамасыз ету.

22.  Бөлімнің басшысына келесі тоқсанда атқаратын жұмысы жөніндегі аппараттың тоқсандық жұмыс жоспарларын қалыптастыруға қажетті мәселелер тізбесін, келесі тоқсан басталғанға дейін 5 күн қалғанда беру.

23. Әр аптаның соңғы жұмыс күнінде ағымды аптада атқарған жұмысы жөнінде бөлім басшысына жазбаша есеп беру және келесі аптада атқаратын жазбаша  жұмыс жоспарын ұсыну.

24. Әр аптаның соңғы жұмыс күнінде ағымды аптада атқарылған жұмыс жөніндегі анықтаманы және келесі аптада атқаратын жазбаша  жұмыс жоспарын бөлімнің басшысына тапсыру.

25. Өзіне қызметтік міндеттерді атқару үшін тапсырылып берілген компьютер мен кеңсе техникасының, жиhаздың және басқа да материалдық –техникалық құралдардың сақталуына, дұрыс пайдалануына жауапты.

 

 

Алматы облыстық мәслихаты аппаратының  «Мемлекеттік-құқықтық, ақпараттық-талдау жұмысы және депутаттық қызметті заңдылық, қоғамдық тәртіпті сақтау, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, өндіріс, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту, бюджет, қаржы және тарифтік саясат салаларында қамтамасыз ету» бөлімінің бас - маманы А.Алдабергенованың функционалдық міндеттері

1. Облыстық мәслихат аппаратындағы кадрлармен жұмыс мәселелері бойынша барлық құжаттаманы жүргізу.            

 2. Облыстық мәслихат аппаратының кадр, оның ішінде мамандық және біліктілік бойынша қажеттілігін талдау және жоспарлау.   

 3. Облыстық мәслихат аппаратының кадр құрамын қалыптастыру, конкурстық іріктеуді ұйымдастыру;

 4. Облыстық мәслихат аппаратының кадр мониторингі және кадрлық іс жүргізуді, оның ішінде «е-қызмет» персоналды басқарудың ақпараттық жүйесі арқылы жүргізу.  

5. Облыстық мәслихат аппаратында кәсіби бейімделу мен тәлімгерлікті ұйымдастыру. 

6. Облыстық мәслихат аппаратының кәсіби кадр дамуын, оның ішінде қайта даярлау, біліктілігін арттыру, тағылымдамалардан өтуін ұйымдастыру арқылы қамтамасыз ету. 

8. Облыстық мәслихат аппаратында конкурстық, аттестаттау, тәртіптік және кадр мәселелері жөніндегі өзге де комиссиялардың қызметін ұйымдастыру және қамтамасыз ету.

9. Облыстық мәслихат аппаратында мемлекеттік қызметке кіру, өткеру және тоқтату рәсімдерінің сақталуын қамтамасыз ету. 

  10. Облыстық мәслихат аппараты қызметшілерінің қызметіне бағалау жүргізуді ұйымдастыру, олардың аттестаттау рәсімдерінің сақталуын қамтамасыз ету. 

  11. Облыстық мәслихат аппаратында мемлекеттік қызметте болуға байланысты шектеулердің сақталуын қамтамасыз ету.

12. Аппарат қызметкерлерімен декларациялардың мерзімінде өткізілуін бақылау, қызметтік күәліктерін рәсемдеу.

13. Кадр мәселелері бойынша мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшесімен және басқа да тиісті органдармен өзара іс-қимыл жасау, есеп беру.

14. Облыстық мәслихатқа бюджет, қаржы және тарифтік саясат мәселелері бойынша жолданған жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін зерттеу, оларды тиісті органдарға жолдау, өтініш иелеріне аралық хаттардың және қолданылған шаралар туралы қорытынды жауаптардың жобаларын әзірлеу.

15. Облыстық мәслихатпен, оның органдары мен депутаттарымен бюджет, қаржы және тарифтік саясат салаларында атқарылып жатқан жұмыстар туралы облыс тұрғындарының хабардар болуын қамтамасыз ету.

16. Бюджет, қаржы және тарифтік саясат салаларында мемлекеттік органдармен атқарылып жатқан жұмыс туралы ақпаратты, жергілікті атқарушы органдар басшыларының есептерін жинақтау, талдау және анықтамаларды әзірлеу.

17. Депутаттардың жергілікті атқарушы органдарға жолданған бюджет, қаржы және тарифтік саясат салаларына қатысты мәселелер бойынша депутаттық сұраныстарының есебін жүргізу, талдау және қорыту.

18. Облыстық мәслихаттың аудан, қала мәслихаттарымен бюджет, қаржы және тарифтік саясат мәселелері бойынша ақпараттық алмасуды қамтамасыз ету.

19. Қарасай, Райымбек, Ұйғыр, Көксу аудандарында жергілікті өзін өзі басқаруды енгізу мәселелері бойынша талдау, үйлестіру жұмысын жүргізу, жергілікті мәслихаттармен өзара әрекет ету.

20. Қарасай, Райымбек, Ұйғыр, Көксу аудандары бойынша сайланған облыстық мәслихаттың депутаттарын және аталған аудан мәслихаттарының хатшылары мен аудан әкімдерін сессиялар мен тұрақты комиссиялардың отырыстары, қоғамдық тыңдаулар өткізілетін орны мен уақыты туралы хабардар ету.

21. Облыстық мәслихат депутаттарының ұсыныстары негізінде бюджет, қаржы және тарифтік саясат мәселелері бойынша облыстық мәслихат шешімдерінің жобаларын әзірлеу, басқа мемлекеттік органдардан ұсынылған шешімдер жобаларының сауатты рәсімделуін, жобалардың аудармаларының дұрыстығын, жоба аудармаларындағы мәліметтердің бірі біріне сәйкес келуін, нормативтік-құқықтық актілер жобаларының мәслихаттың қарауына ұсынудың алдында сыбайлас жемқорлыққа қарсы экспертизаға жолданғандығын, бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланғандығын, облыс әкімі жанындағы сараптау комиссиясымен қаралғандығын тексеру.

22. Қарасай, Райымбек, Ұйғыр, Көксу аудандары бойынша сайланған облыстық мәслихаттың депутаттарын облыстық мәслихаттың жұмысы, оның тұрақты комиссияларының қызметі, облыстық мәслихат шешімдерінің орындалуы жөніндегі ақпараттық материалдармен қамтамасыз ету.

23. Бюджет, қаржы және тарифтік саясат жөніндегі тұрақты комиссиясына  методикалық жетекшілік ету, қызметін үйлестіру, комиссия мүшелерін және есеп беретін, хабарлама жасайтын мемлекеттік органдардың басшыларын, лауазымды тұлғаларды комиссия отырыстары, қаралатын мәселелер туралы хабардар ету, ақпарат сұрату, хаттамалдардың жүргізілуін қамтамасыз ету, қабылданатын қаулылардың жобаларын әзірлеу, қабылданған қаулалырдың орындалуын бақылау.

24. Алматы облысының Құрмет грамоталарын әзірлеу және осы мәселелермен байланысты қажетті құжаттаманы жинақтау.

25. Облыстық аумақтық және облыстық округтік сайлау коомиссияларының құрамдарын қалыптастыру және өзгерістерді жұмыстарына қатысу.

26. Өзінің лауазымдық өкілеттіктері мен міндеттеріне байланысты облыстық мәслихат хатшысының өкімдерінің жобаларын әзірлеу және оларды келісу.

27. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес облыстық мәслихат аппаратына жүктелген функцияларға сәйкес облыстық мәслихат хатшысымен, аппарат басшысымен, бөлімнің бастығымен берілген тапсырмалардың орындалуын қамтамасыз ету.

28.  Бөлімнің басшысына келесі тоқсанда атқаратын жұмысы жөніндегі аппараттың тоқсандық жұмыс жоспарларын қалыптастыруға қажетті мәселелер тізбесін, келесі тоқсан басталғанға дейін 5 күн қалғанда беру.

29. Әр аптаның соңғы жұмыс күнінде ағымды аптада атқарған жұмысы жөнінде бөлім басшысына жазбаша есеп беру және келесі аптада атқаратын жазбаша  жұмыс жоспарын ұсыну.

30. Әр аптаның соңғы жұмыс күнінде ағымды аптада атқарылған жұмыс жөніндегі анықтаманы және келесі аптада атқаратын жазбаша  жұмыс жоспарын баспасөз хатшысына тапсыру.

31. Өзіне қызметтік міндеттерді атқару үшін тапсырып берілген компьютер мен кеңсе техникасының, жиhаздың және басқа да материалдық –техникалық құралдардың сақталуына, дұрыс пайдалануына жауапты.

 

 

Алматы облыстық мәслихаты аппаратының ұйымдастыру, қаржы-шаруашылық жұмысы және депутаттық қызметті ауылшаруашылығы, экология, әлеуметтік  саясат, білім, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт, туризм, тілдер және этносаралық қатынастары салаларында қамтамасыз ету бөлімінің бас  маман - есепшісі А.Мыңжасарованың функционалдық міндеттері

1. Облыстық мәслихат пен оның органдарын қаржы - шаруашылық, материалдық-техникалық қамтамасыз ету.

2. Облыстық мәслихат аппаратының бухгалтерлік жұмысын жүргізу және осы жұмыспен байланысты есептердің барлық түрлерінің берілуін қамтамасыз ету.

3. Облыстық мәслихат аппараты қызметшілерінің еңбек ақыларының, және Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген басқа да тиесілі төлемдердің дер кезінде төленуін қамтамасыз ету. (Облыстық мәслихат аппараты қызметшілеріне ай сайын, оларға тиесілі төлемақылар туралы жазбаша анықтамаларды беріп тұру).

4. Депутаттардың және аппарат қызметкерлерінің қызметіне байланысты іс-сапар шығындарының дер кезінде өтелуін қамтамасыз ету.

5. Облыстық мәслихат аппаратының басшысымен келісе отырып облыстық мәслихат аппаратының нақты қажеттіліктерін ескере келе, мемлекеттік сатып алу жоспарларын әзірлеу жұмыстарына қатысу, мемлекеттік сатып алулардың қажеттілігін талдау және аппарат басшысына ұсыныс енгізу.

6. «Алматы облыстық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің баллансындағы жиhаздың, кеңсе, компьютерлік техниканың және тауарлық-материалдық құндылықтардың есебін жүргізу, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қолдануға жарамсыз, ескірген ұзақ мерзімді активтер мен қысқа мерзімді активтерді анықтап оларды есептен шығарылуын ұйымдастыру, осымен байланысты құжаттаманы әзірлеу.

7. Өзінің лауазымдық өкілеттіктері мен міндеттеріне байланысты облыстық мәслихат хатшысының өкімдерінің жобаларын әзірлеу және оларды келісу.

8. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес облыстық мәслихат аппаратына жүктелген функцияларға сәйкес облыстық мәслихат хатшысымен, аппарат басшысымен, бөлімнің бастығымен берілген басқа да тапсырмалардың орындалуын қамтамасыз ету.

9.  Бөлімнің басшысына келесі тоқсанда атқаратын жұмысы жөніндегі аппараттың тоқсандық жұмыс жоспарларын қалыптастыруға қажетті мәселелер тізбесін, келесі тоқсан басталғанға дейін 5 күн қалғанда беру.

10. Әр аптаның соңғы жұмыс күнінде ағымды аптада атқарған жұмысы жөнінде бөлім басшысына жазбаша есеп беру және келесі аптада атқаратын жазбаша  жұмыс жоспарын ұсыну.

11. Әр аптаның соңғы жұмыс күнінде ағымды аптада атқарылған жұмыс жөніндегі анықтаманы және келесі аптада атқаратын жазбаша  жұмыс жоспарын бөлімнің басшысына тапсыру.

12. Өзіне қызметтік міндеттерді атқару үшін тапсырылып берілген компьютер мен кеңсе техникасының, жиhаздың және басқа да материалдық –техникалық құралдардың сақталуына, дұрыс пайдалануына жауапты.

 

 

Алматы облыстық мәслихаты аппаратының «Мемлекеттік-құқықтық, ақпараттық-талдау жұмысы және депутаттық қызметті заңдылық, қоғамдық тәртіпті сақтау, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, өндіріс, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту, бюджет, қаржы және тарифтік саясат салаларында қамтамасыз ету»  бөлімінің жетекші маманы Н.Насированың  функционалдық міндеттері

1. Сессиялардың өткізілуі туралы хабарламаларды әзірлеу, оларды бөлімдер басшыларымен және аппарат басшысымен келісу, Алматы облыстық "Жетісу", "Огни Алатау" қоғамдық саяси газеттеріне Алматы облыстық мәслихатының регліментіне сәйкес алдын ала жариялануын қамтамасыз ету.

2. Облыстық мәслихатпен қабылданған шешімдерді адресаттарға жолдау.

3. Облыстық мәслихат аппаратына жолданған жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін тіркеу, құзыреттілігі бойынша облыстық мәслихат аппараты бөлімінің басшысына дер кезінде беру, жауаптарының мерзімінде өтініш иелеріне жіберілуін бақылау, орындаушы ретінде белгіленген аппарат қызметкерлерін жауаптарды беру мерзімдері жөнінде алдын ала ескертіп отыру, өтініштердің есебін жүргізу, тиісті есептерді беру.

4. Кіріс және шығыс құжаттаманың есебін жүргізу және тіркеу, түскен құжаттардың орындалу мерзімін бақылау, орындаушы ретінде белгіленген аппарат қызметкерлерін ақпаратты беру мерзімдері жөнінде алдын ала ескертіп отыру.

5. Облыстық мәслихат хатшысының төрағалығымен өткізілетін көшпелі отырыстардың, халықпен кездесулердің, азаматтарды қабылдаулардың барысында облыстық мәслихат хатшысының атына түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін тіркеу, облыстық мәслихат хатшысының қарарына сәйкес құзыреттілігі бойынша облыстық мәслихат аппараты бөлімінің басшысына дер кезінде беру, өтініштердің есебін жүргізу, тиісті есептерді тапсыру.

6. Облыстық мәслихаттың ресми сайтындағы жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне, сұрақтарына арналған бөліктерін үнемі бақылау, оларға түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерді, сұрақтарды  дереу мәслихат аппаратының басшысына және облыстық мәслихаттың хатшысына беру, тіркеу және облыстық мәслихат хатшысының қарарына сәйкес құзыреттілігі бойынша облыстық мәслихат аппараты бөлімінің басшыларына беру, жауаптардың өтініш иелеріне мерзімінде берілуін қадағалау, жазбаша жауаптарды тіркеу және олардың мәтіндерінің дер кезінде сайтқа орналастырылуын қамтамасыз ету мақсатында баспасөз хатшысына беру.  Әр аптаның соңғы жұмыс күнінде  ағымды аптада облыстық мәслихаттың ресми сайты арқылы облыстық мәслихат хатшысының атына түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің саны және сипаттамасы жөнінде баспасөз хатшысына жазбаша есеп беру.

7. Департаменттер, басқармалар мен тиісті органдардың басшыларын, және басқа да шақырылғандар тізіміне енген тұлғаларды сессиялар мен тұрақты комиссиялардың отырыстары, қоғамдық тыңдаулар өткізілетін орны мен уақыты туралы алдын ала хабардар ету. Сессияға қатысатын  департаменттер, басқармалар мен тиісті органдардың басшыларының, және басқа да шақырылғандардың тізімдерінің алдын ала әзірленуін, нақтылануын, толықтырып отырылуын және аппарат басшысына тапсырылуын қамтамасыз ету.

8. Облыстық мәслихаттың хатшысына, облыстық мәслихат аппаратының басшысына және аппарат бөлімдердің басшыларына облыстық мәслихат депутаттарының тұған күндері жөнінде алдын ала хабарлап отыру.

9. Облыстық мәслихаттың сессияларында, тұрақты комиссиялардың бірлескен отырыстарында, қоғамдық тыңдауларда фото, видеожазба жүргізу;

10. Алматы облыстық мәслихатының аппаратын мерзімді газеттер мен журналдарға жазылуын ұйымдастыру, түскен газеттер мен журналдарды рет ретімен тігу, облыстық мәслихат хатшысының, аппарат басшысының, облыстық мәслихат хатшысының, аппарат басшысының және бөлімдер басшыларының тапсырмаларына сәйкес қажетті газеттерді тауып беру.

11. Облыстық аумақтық және облыстық округтік сайлау коомиссияларының құрамдарын қалыптастыру және өзгерістер енгізу жұмысына қатысу.

12. Өзінің лауазымдық өкілеттіктері мен міндеттеріне байланысты облыстық мәслихат хатшысының өкімдерінің жобаларын әзірлеу және оларды келісу.

13. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес облыстық мәслихат аппаратына жүктелген функцияларға сәйкес облыстық мәслихат хатшысымен, аппарат басшысымен, бөлімнің бастығымен берілген тапсырмалардың орындалуын қамтамасыз ету.

14.  Бөлімнің басшысына келесі тоқсанда атқаратын жұмысы жөніндегі аппараттың тоқсандық жұмыс жоспарларын қалыптастыруға қажетті мәселелер тізбесін, келесі тоқсан басталғанға дейін 5 күн қалғанда беру.

15. Әр аптаның соңғы жұмыс күнінде ағымды аптада атқарған жұмысы жөнінде бөлім басшысына жазбаша есеп беру және келесі аптада атқаратын жазбаша  жұмыс жоспарын ұсыну.

16. Әр аптаның соңғы жұмыс күнінде ағымды аптада атқарылған жұмыс жөніндегі анықтаманы және келесі аптада атқаратын жазбаша  жұмыс жоспарын баспасөз хатшысына тапсыру.

17. Өзіне қызметтік міндеттерді атқару үшін тапсырып берілген компьютер мен кеңсе техникасының, жиhаздың және басқа да материалдық –техникалық құралдардың сақталуына, дұрыс пайдалануына жауапты.

 

Аудандық, қалалық мәслихат сайттары

Для отображения блока требуется Flash Player
 

Интерактивті сұрақ-жауап

Знате ли вы депутата областного маслихата избранного от вашего округа?

 

Анонстар

04.08.2017  «Облыстық мәслихаттың депутаттарының назарына»

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Заңының 10 бабына сәйкес, VІ шақырылған облыстық мәслихаттың ХХ кезектен тыс сессиясы Талдықорған қаласы, Тәуелсіздік көшесі 38, облыстық әкімдіктің  ғимаратында 2017 жылғы 10 тамызында  сағ 1100 де   шақырылады.

Күн  тәртібінде:

1.     Алматы облыстық мәслихатының 2016 жылғы 9 желтоқсандағы «Алматы облысының 2017-2019 жылдарға арналған облыстық бюджеті туралы» №11-54 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

2.     Өзге мәселелер.

20.07.2017 Облыстық мәслихат депутаттарының назарына

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Заңының 10 бабына сәйкес, VІ шақырылған облыстық мәслихаттың XIX кезектен тыс сессиясы Талдықорған қаласы, Тәуелсіздік көшесі 38, облыстық әкімдіктің  ғимаратында  2017 жылғы 27 шілдеде  сағ 1500де   шақырылады.