Талғар ауданы
Tab3 (қаз)
Аудандық, қалалық мәслихаттардың хатшылары
Tab2 (қаз)
Облыс әкімі Баталов Амандық Габбасұлы облыстық маслихаттың ХХХVI сессиясында
Tab6 (каз)
Алматы облыстық мәслихатының кезектен тыс XLIV сессиясы
Tab7 (каз)
Аудандық, қалалық мәслихаттардың хатшылары

Талғар ауданы

Жұмахан Еңкебайұлы – Талғар аудандық мәслихатының хатшысы

1957 жылы  24 сәуірде  Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтарал ауданы Қызыл – Ту ауылында дүниеге келді.

1979 жылы Қазақ ауылшаруашылық институтын «Ғалым агроном», 2010 жылы Халықаралық  Білім Беру Корпарациясының Қазақ бас-сәулет құрлыс академиясын «Құрылыс», 2013 жылы  С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетін  «Экономист» мамандықтары бойынша бітірді.

Еңбек жолын 1979 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Киров ауданының  «Октябрьдің 30 жылдығы»  кеңшарында аға  агрономы ретінде бастады.

1980-1983 жылдары Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданында ауылшаруашылық басқармасының бас агрономы, «Сельхозхимия» өндірістік бірлестігінің бас агрохимигі.

1983-1997 жылдары  Оңтүстік Қазақстан облысы Киров ауданы «Өзбек ССР-нің 40 жылдық» кеңшарында аға агрономы, бөлімше басқарушысы, директоры және «Бірлесу» «Көшер» өндірістік кооперативтерінің төрағасы қызметтерін атқарды. 

1997-1998 жылдары  Алматы облысы Балқаш ауданы әкімінің орынбасары.

1998–2001 жылдары Алматы қаласының  «Водоканал» МКК мекеме басшысының орынбасары, филиал директоры.

2001-2011 жылдары Орман балық және аңшылық шаруашылығы Комитетіне қарасты «Көкше Орманы» РМК –ның бас директоры, Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің  Ақсай филиалының директоры, Алматы мемлекеттік табиғи қорығының директоры.

2011-2014 жылдары Астана қаласындағы КР АШМ СРК ШЖҚ  «Қазсушар» РМК – ның ғылым және суды үнемдеу технологияларын енгізу бөлімінің басшысы Астана қаласы, «Д.Қонаев атындағы Үлкен Алматы Каналы» филиалы директорының бірінші орынбасары, «Арыс ЛТД» ЖШС директорының орынбасары.

2014-2016 жылдары «Нұр Отан» партиясы Талғар аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары.

2016 жылғы 24 наурыздан Талғар аудандық мәслихатының хатшысы

Талғар аудандық мәслихатының IV, V шақырылымдарының депутаты болып сайланған.  

Талғар ауданының «Құрметті азаматы».

«Қазақстан мәслихаттарына 20-жыл» мерекелік медалімен марапатталды.

Үйленген. 5 баласы, немерелері бар.

Автор : btamedia

Аудандық, қалалық мәслихат сайттары

Для отображения блока требуется Flash Player
 

Интерактивті сұрақ-жауап

Знате ли вы депутата областного маслихата избранного от вашего округа?

 

Анонстар

04.08.2017  «Облыстық мәслихаттың депутаттарының назарына»

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Заңының 10 бабына сәйкес, VІ шақырылған облыстық мәслихаттың ХХ кезектен тыс сессиясы Талдықорған қаласы, Тәуелсіздік көшесі 38, облыстық әкімдіктің  ғимаратында 2017 жылғы 10 тамызында  сағ 1100 де   шақырылады.

Күн  тәртібінде:

1.     Алматы облыстық мәслихатының 2016 жылғы 9 желтоқсандағы «Алматы облысының 2017-2019 жылдарға арналған облыстық бюджеті туралы» №11-54 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

2.     Өзге мәселелер.

20.07.2017 Облыстық мәслихат депутаттарының назарына

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Заңының 10 бабына сәйкес, VІ шақырылған облыстық мәслихаттың XIX кезектен тыс сессиясы Талдықорған қаласы, Тәуелсіздік көшесі 38, облыстық әкімдіктің  ғимаратында  2017 жылғы 27 шілдеде  сағ 1500де   шақырылады.