Кербұлақ ауданы
Tab3 (қаз)
Аудандық, қалалық мәслихаттардың хатшылары
Tab2 (қаз)
Облыс әкімі Баталов Амандық Габбасұлы облыстық маслихаттың ХХХVI сессиясында
Tab6 (каз)
Алматы облыстық мәслихатының кезектен тыс XLIV сессиясы
Tab7 (каз)
Аудандық, қалалық мәслихаттардың хатшылары

Кербұлақ ауданы

Бөкен Қабиұлы Рысбеков -Кербұлақ аудандық мәслихатының хатшысы.

1957 жылы 14 қыркүйекте Алматы облысы Кербұлақ ауданы Қызылжар ауылында  дүниеге  келді.

1975-1977 жылдары Кеңес Әскері  қатарында әскери қызметін атқарды.

1981 жылы Қазақ мемлекеттік университетін, 1990 жылы Алматы архитектура-құрылыс институтын «құрылыс-инженері» мамандығы бойынша тәмамдады.

Еңбек жолын 1974 жылы  Жоламан кеңшарында  құрылыс  бөлімінде жұмысшы ретінде бастады.

1982-1983 жылдары Қызылжар кеңшарының құрылыс учаскесінің жұмысшысы.  

1983-1987 жылдары Қызылжар кеңшарының құрылыс  бөлімінің  шебері.

1987-1996 жылдары Қызылжар кеңшарының  бас құрылысшысы.

1996-2011 жылдары  Қызылжар ауылдық  округінің  әкімі.

2011-2016 жылдары «Қызылжар» өндірістік кооперативінің төрағасы.

Кербұлақ аудандық мәслихатының V шақырылымының депутаты болып сайланған.

2016 жылдан Кербұлақ аудандық мәслихатының хатшысы.

     «Ерен еңбегі үшін», «Қазақстан  Республикасының Тәуелсіздігіне  20 жыл», «Қазақстан Республикасының Конституциясына 20 жыл»,  «Қазақстан Республикасының мәслихаттарына 20 жыл» медальдарымен, Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс  хатымен марапатталған.

Кербұлақ ауданының «Құрметті азаматы».

Үйленген, үш баласы бар.

Автор : btamedia

Аудандық, қалалық мәслихат сайттары

Для отображения блока требуется Flash Player
 

Интерактивті сұрақ-жауап

Знате ли вы депутата областного маслихата избранного от вашего округа?

 

Анонстар

04.08.2017  «Облыстық мәслихаттың депутаттарының назарына»

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Заңының 10 бабына сәйкес, VІ шақырылған облыстық мәслихаттың ХХ кезектен тыс сессиясы Талдықорған қаласы, Тәуелсіздік көшесі 38, облыстық әкімдіктің  ғимаратында 2017 жылғы 10 тамызында  сағ 1100 де   шақырылады.

Күн  тәртібінде:

1.     Алматы облыстық мәслихатының 2016 жылғы 9 желтоқсандағы «Алматы облысының 2017-2019 жылдарға арналған облыстық бюджеті туралы» №11-54 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

2.     Өзге мәселелер.

20.07.2017 Облыстық мәслихат депутаттарының назарына

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Заңының 10 бабына сәйкес, VІ шақырылған облыстық мәслихаттың XIX кезектен тыс сессиясы Талдықорған қаласы, Тәуелсіздік көшесі 38, облыстық әкімдіктің  ғимаратында  2017 жылғы 27 шілдеде  сағ 1500де   шақырылады.