Қаратал ауданы
Tab3 (қаз)
Аудандық, қалалық мәслихаттардың хатшылары
Tab2 (қаз)
Облыс әкімі Баталов Амандық Габбасұлы облыстық маслихаттың ХХХVI сессиясында
Tab6 (каз)
Алматы облыстық мәслихатының кезектен тыс XLIV сессиясы
Tab7 (каз)
Аудандық, қалалық мәслихаттардың хатшылары

Қаратал ауданы

Бақыт Жексембіұлы Смаилов –Қаратал аудандық мәслихатының хатшысы

1957 жылы 22 желтоқсанда Алматы облысы, Қаратал ауданы, Сарыбұлақ ауылында дүниеге келген.

1974 жылы Қаратал ауданы, Елтай ауылындағы Елтай атындағы орта мектепті бітірген.

1985 жылы Алматы зооветеринариялық институтының «Зооинженер» мамандығы бойынша аяқтаған.

1976-1978 жылдар аралығында Кеңес Әскері қатарында қызмет атқарды.

Еңбек жолын 1974 жылы Талдықорған облысы, Қаратал ауданы Абай атындағы қой совхозының «Армандастар» комсомол жастар мал бордақылау бригадасы құрамында шопан – оператор болып бастаған.

1978-1985 жылдары Абай атындағы қой совхозында автокөлік жүргізушісі, автомеханик, емдеу – санитарлық бекетінде мал санитары болып жұмыс істеген.

1985-1987 жылдары «Қаратал» совхозының №2 фермасының зоотехнигі.

1987-1993 жылдары «Қоржынкөл» қой совхозының, Қаратал агроөнеркәсіптік бірлестігінің, «Қаратал» қой совхозының бас зоотехнигі болып жұмыс істеді.

1993-1994 жылдары «Қаратал» совхозының директоры.

1994-2012 жылдары «Қаратал» Акционерлік қоғамының президенті.

2012 жылдың 24 қаңтарынан Қаратал аудандық мәслихатының хатшысы қызметін атқарып келеді.

1994-1998 жылдар аралығында облыстық мәслихатының депутаты болды.

Қаратал аудандық маслихатының III,IV,V шақырылымының депутаты.

«Құрмет» орденімен (1999ж) және мерекелік медальдармен марапатталған. «Қаратал ауданының Құрметті Азаматы» атағын иегері.

Үйленген, 3 баласы бар.

Автор : btamedia

Аудандық, қалалық мәслихат сайттары

Для отображения блока требуется Flash Player
 

Интерактивті сұрақ-жауап

Знате ли вы депутата областного маслихата избранного от вашего округа?

 

Анонстар

04.08.2017  «Облыстық мәслихаттың депутаттарының назарына»

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Заңының 10 бабына сәйкес, VІ шақырылған облыстық мәслихаттың ХХ кезектен тыс сессиясы Талдықорған қаласы, Тәуелсіздік көшесі 38, облыстық әкімдіктің  ғимаратында 2017 жылғы 10 тамызында  сағ 1100 де   шақырылады.

Күн  тәртібінде:

1.     Алматы облыстық мәслихатының 2016 жылғы 9 желтоқсандағы «Алматы облысының 2017-2019 жылдарға арналған облыстық бюджеті туралы» №11-54 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

2.     Өзге мәселелер.

20.07.2017 Облыстық мәслихат депутаттарының назарына

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Заңының 10 бабына сәйкес, VІ шақырылған облыстық мәслихаттың XIX кезектен тыс сессиясы Талдықорған қаласы, Тәуелсіздік көшесі 38, облыстық әкімдіктің  ғимаратында  2017 жылғы 27 шілдеде  сағ 1500де   шақырылады.