Ескелді ауданы
Tab3 (қаз)
Аудандық, қалалық мәслихаттардың хатшылары
Tab2 (қаз)
Облыс әкімі Баталов Амандық Габбасұлы облыстық маслихаттың ХХХVI сессиясында
Tab6 (каз)
Алматы облыстық мәслихатының кезектен тыс XLIV сессиясы
Tab7 (каз)
Аудандық, қалалық мәслихаттардың хатшылары

Ескелді ауданы

Қуат Майнұрұлы Алпысбаев - Ескелді аудандық мәслихатының хатшысы.

1956 жылы 24 мамырда  Талды-Қорған облысы Талды-Қорған ауданы Буденный ауылында дүниеге келді.

1972 жылы О.Кошевой атындағы орталау мектепті  бітірді.

1976 жылы Талдықорған Зооветеринарлық техникумын зоотехникалық бөлімшесін, 1981 жылы Мәскеу қаласындағы Тимирязев атындағы ауылшаруашылық Академиясын тәмамдады.

Еңбек жолын 1981 жылы Кербұлақ  ауданының  «Жоламан» совхозы фермасында зоотехник ретіндебастады.

1982-1984 жылдары Талдықорған қаласында Облыстық Коммунистік партиясының Лениншыл Коммунистік Жастар Одағының жұмыс және ауыл жастары бөлімінің нұсқаушысы.

1984-1986 жылдары Киров ауданының Лениншыл Коммунистік Жастар Одағының бірінші хатшысы.

1986-1991 жылдары Сарыөзек кентінде Кербұлақ аудандық Коммунистік партиясының үгіт және насихат бөлімінің меңгерушісі.

1991-1992 жылдары Кербұлақ аудандық жұмыспен қамту орталығының директоры.

1992-1993 жылдары Кербұлақ аудандық халық депутаттары Кенесінің төрағасы.

1993-1994 жылдары Кербұлақ ауданының әкімшілігі басшысының орынбасары.

1994-1995 жылдары Талдықорған қаласындағы «Алатау Холдинг» компаниясының ауылшаруашылығы бойынша департаментінің директоры.

1995-2001 жылдары Кербұлақ ауданы «Рыстас» АҚ зауытының директоры.

2001-2003 жылдары Талдықорған қаласындағы «Кемеращы» жауапкершілік шектеулі серіктестігінің атқарушы директоры.

2003-2005 жылдары Ескелді ауданы Қарабұлақ кентінің әкімі.

2005-2016 жылдары Ескелді ауданының әкімінің орынбасары.

2016 жылдың наурызынан Ескелді аудандық мәслихатының хатшысы.

«Қазақстан Республикасының Конституциясына 10 жыл, «Қазақстан Республикасының Конституциясына 20 жыл», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» медальдарымен,  Қазақстан Республикасының ауылшаруашылық министрінің Құрмет грамотасымен марапатталды.

Үйленген, үш баласы бар.

Автор : btamedia

Аудандық, қалалық мәслихат сайттары

Для отображения блока требуется Flash Player
 

Интерактивті сұрақ-жауап

Знате ли вы депутата областного маслихата избранного от вашего округа?

 

Анонстар

04.08.2017  «Облыстық мәслихаттың депутаттарының назарына»

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Заңының 10 бабына сәйкес, VІ шақырылған облыстық мәслихаттың ХХ кезектен тыс сессиясы Талдықорған қаласы, Тәуелсіздік көшесі 38, облыстық әкімдіктің  ғимаратында 2017 жылғы 10 тамызында  сағ 1100 де   шақырылады.

Күн  тәртібінде:

1.     Алматы облыстық мәслихатының 2016 жылғы 9 желтоқсандағы «Алматы облысының 2017-2019 жылдарға арналған облыстық бюджеті туралы» №11-54 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

2.     Өзге мәселелер.

20.07.2017 Облыстық мәслихат депутаттарының назарына

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Заңының 10 бабына сәйкес, VІ шақырылған облыстық мәслихаттың XIX кезектен тыс сессиясы Талдықорған қаласы, Тәуелсіздік көшесі 38, облыстық әкімдіктің  ғимаратында  2017 жылғы 27 шілдеде  сағ 1500де   шақырылады.