Балқаш ауданы
Tab3 (қаз)
Аудандық, қалалық мәслихаттардың хатшылары
Tab2 (қаз)
Облыс әкімі Баталов Амандық Габбасұлы облыстық маслихаттың ХХХVI сессиясында
Tab6 (каз)
Алматы облыстық мәслихатының кезектен тыс XLIV сессиясы
Tab7 (каз)
Аудандық, қалалық мәслихаттардың хатшылары

Балқаш ауданы

Омаров Кәдірбек Тынышбалаұлы-Балқаш аудандық мәслихатының хатшысы.

1961 жылы 20 қарашада Алматы облысы Балқаш ауданы Көктал ауылында дүниеге келген.

1978 жылы Балқаш ауданы Көктал ауылындағы орта мектебін бітірген.

1982 жылы Талғар ауыл шаруашылығы техникумын «Техник-ұйымдастырушы», 2002 жылы Алматы үздіксіз білім беру университетін «Экономист» мамандықтары бойынша бітірді.

Еңбек жолын 1978 жылы Көктал ауылында жұмысшы ретінде бастаған.

1982-1984 жылдар аралығында Алматы кен өндірмейтін комбинатында инженер, цех мастері болып қызмет атқарды.

1984-1996 жылдар аралығында Көктал совхозында машина-трактор шеберханасының меңгерушісі, бригадирі, автогараж меңгерушісі, экспедиторы қызметтерін атқарды.

1999-2005 жылдары Көктал селолық округ әкімі аппаратының бас маманы.

2005-2015 жылдар аралығында Көктал селолық округі әкімі.

2015-2016 жылдары «Нұр Отан» партиясы Балқаш аудандық филиалының төрағасы.

2016 жылдың наурызынан Балқаш аудандық мәслихатының хатшысы.

«Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медалімен, Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс хатымен марапаттады.

Үйленген, төрт баласы бар.

Автор : btamedia

Аудандық, қалалық мәслихат сайттары

Для отображения блока требуется Flash Player
 

Интерактивті сұрақ-жауап

Знате ли вы депутата областного маслихата избранного от вашего округа?

 

Анонстар

04.08.2017  «Облыстық мәслихаттың депутаттарының назарына»

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Заңының 10 бабына сәйкес, VІ шақырылған облыстық мәслихаттың ХХ кезектен тыс сессиясы Талдықорған қаласы, Тәуелсіздік көшесі 38, облыстық әкімдіктің  ғимаратында 2017 жылғы 10 тамызында  сағ 1100 де   шақырылады.

Күн  тәртібінде:

1.     Алматы облыстық мәслихатының 2016 жылғы 9 желтоқсандағы «Алматы облысының 2017-2019 жылдарға арналған облыстық бюджеті туралы» №11-54 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

2.     Өзге мәселелер.

20.07.2017 Облыстық мәслихат депутаттарының назарына

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Заңының 10 бабына сәйкес, VІ шақырылған облыстық мәслихаттың XIX кезектен тыс сессиясы Талдықорған қаласы, Тәуелсіздік көшесі 38, облыстық әкімдіктің  ғимаратында  2017 жылғы 27 шілдеде  сағ 1500де   шақырылады.