Мәслихаттың хатшысы
Tab3 (қаз)
Аудандық, қалалық мәслихаттардың хатшылары
Tab2 (қаз)
Облыс әкімі Баталов Амандық Габбасұлы облыстық маслихаттың ХХХVI сессиясында
Tab6 (каз)
Алматы облыстық мәслихатының кезектен тыс XLIV сессиясы
Tab7 (каз)
Аудандық, қалалық мәслихаттардың хатшылары

Дюсембинов Султан Мырзабекович

Округ атауы: Райымбек №15

Телефон: 8(7282)24-69-28

1959 жылы 18 сәуірде Талдықорған облысы Гвардия ауданы Бостан ауылында дүниеге келді.

1980 жылы Алматы архитектура-құрылыс институтын «құрылыс-инженері», 1992 жылы Қазақ мемлекеттік экономикалық университетін «экономист» мамандықтары бойынша бітірді.

Еңбек жолын 1980 жылы  Алматы қаласындағы «Казколхозспецстрой» тресі №2 жылжымалы механикаландырылған колоннасының шебері ретінде бастады. 1982 жылдың 27 ақпаннан бастап 10 қарашаға дейін  Алматы қаласындағы №1 құрылыс тресі №25 жылжымалы механикаландырылған колоннасының шебері болып жұмыс жасады.

1982-1991 жылдары аралығында Талдықорған ауданаралық сауда базасының құрылыс бригадасының прорабы, инженерлік-техникалық қызметі бойынша директоры қызметтерін атқарды.

1991-1996 жылдары аралығында Талдықорған қаласындағы «Қаблан» жан-жақты сауда-құрылыс кәсіпорнының директоры.

1996-1998 жылдары аралығында Талдықорған облыстық әкімшілігі жанындағы облыстық экономикалық келісімді реттеу қоры директорының орынбасары.

1998-2001 жылдары аралығында Алматы облысы Талдықорған ауданы әкімінің орынбасары, бірінші орынбасары қызметтерін атқарды.

2001-2011 жылдары аралығында Ескелді ауданының әкімі.

2011-2015 жылдары аралығында Қаратал ауданының әкімі.

2015-2017 жылдары аралығында Алматы облысы әкімі аппаратының басшысы қызмет атқарды.

2017 жылдың 05 сәуірінен Алматы облыстық мәслихатының хатшысы.

2008 жылы «Құрмет», 2015 жылы «Парасат» ордендерімен, «Астанаға 10 жыл», «Қазақстан Констиуциясына 10 жыл», «Қазақстан Конституциясына 20 жыл», «Қазақстан тәуелсізідігіне 20 жыл», «Қазақстан Халқы Ассамблеясына 20 жыл», «Қазақстан тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медалдарымен, «Үздік мемлекеттік қызметші» төсбелгісімен наградтталды.

Автор : btamedia

Аудандық, қалалық мәслихат сайттары

Для отображения блока требуется Flash Player
 

Интерактивті сұрақ-жауап

Знате ли вы депутата областного маслихата избранного от вашего округа?

 

Анонстар

04.08.2017  «Облыстық мәслихаттың депутаттарының назарына»

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Заңының 10 бабына сәйкес, VІ шақырылған облыстық мәслихаттың ХХ кезектен тыс сессиясы Талдықорған қаласы, Тәуелсіздік көшесі 38, облыстық әкімдіктің  ғимаратында 2017 жылғы 10 тамызында  сағ 1100 де   шақырылады.

Күн  тәртібінде:

1.     Алматы облыстық мәслихатының 2016 жылғы 9 желтоқсандағы «Алматы облысының 2017-2019 жылдарға арналған облыстық бюджеті туралы» №11-54 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

2.     Өзге мәселелер.

20.07.2017 Облыстық мәслихат депутаттарының назарына

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Заңының 10 бабына сәйкес, VІ шақырылған облыстық мәслихаттың XIX кезектен тыс сессиясы Талдықорған қаласы, Тәуелсіздік көшесі 38, облыстық әкімдіктің  ғимаратында  2017 жылғы 27 шілдеде  сағ 1500де   шақырылады.